Бүгін Алматыда Түркия Республикасы тарапынан ұсынылған стипендияға үміткерлерге арналған ориентациялық сабақ өз мәресіне жетті

Сабақтың бірінші күнінде (01.09.2015) (ТР Алматы Басконсулының көмекшісі) Онур Демирбаш «Ен даладан теңізге жол тартқан түріктердің өмірі», Расим Йылмаз (ТСЕ Алматыдағы бас директоры) «Осман империясының тарихы мен Түркия Республикасы» атты тақырыптарда студенттерге дәріс өткізді. Сонымен қатар ЮЭИ-ның оқытушысы Нурай Гюнеш «Юнус Эмре институты» мен «Түркиядағы жоғарғы оқу орындары» туралы дәріс өткізді.

Сабақтың екінші күнінде (02.09.2015) Др. Мехмет Арслан (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұжымы) «Түркия географиясы: Климат ерекшеліктері, қалалар, демографиясы, Түркияның географиялық жағдайы», «Туризм ерекшеліктері мен түрлері және Түркиядағы туризм» жайлы мағлұматтармен таныстырды.

Сабақтың үшінші күнінде (03.09.2015) Супхи атан (ТР Алматыдағы Бас консулы) «Түриядағы техногендік құрылымдар мен әлеуметтік өмір», «Түркиядағы мерекелер мен Түркиядағы ойын-сауық мәдениеті» атты дәрісін өткізді. ЮЭИ оқытушысы Нурай Гюнеш «Түркия Республикасының негізін қалаған Ататүрк» атты слайд жұмысын ұсынды.

Ориентациялық сабақтың соңғы күнінде (04.09.2015) «Түркияның табыс көздері, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі», «Жан басына шаққандағы экономикалық секторлар, Экономикалық бөлу» тақырыбы аясында Осман Елгюн (ТР Алматыдағы Сауда атташесі) мәліметтер берді. Сабақ барысында студенттер өздеріне қажетті бар мәліметтерді толықтай алды деуге болады.