Қазақстан мен Түркия арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселесі Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің (KOSGEB) Ыстанбұлдағы өкілдігінде өткен кездесуі барысында талқыланды.

Түрік тарапы шағын және орта кәсіпорындарына техникалық және экономикалық проблемаларын шешуде, олардың сапасы мен технологиялық деңгейін көтеруде жәрдем көрсету, сонымен қатар өнімдерін нарыққа ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ету сияқты мәселелерінің KOSGEB-тің алдында тұрған мақсаттарының негізгісі екендігін атап өтті.

KOSGEB өкілдері өндірістік аймақтардың ұйымдастырылуы бойынша жұмыстың жүргізілу барысы туралы да хабардар етті. KOSGEB-тің Ыстанбұлдағы филиалының басшылығы кітапшалар мен басылымдардың нұсқаларын ұсына отырып, бейне материалдардың негізінде баяндама жасады.

Қазақстандағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының орынды қабылдануының маңыздылығы да атап өтілді. «Осы іспеттес бағдарламалардың қабылдануы шағын және орта кәсіпорындарының дамуына септігін тигізеді», – деп, KOSGEB өкілдері айта отырып, Қазақстанның елді дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бойынша Түркияның тәжірибесі уникалды болып табылады. Себебі, шағын және орта бизнес Түркияның экономикасында маңызды рөл ойнай отырып, оның сауда-өндірістік кешенінің негізін құрайды. Түркияда шағын және орта бизнес өкілдері барлық тіркелген кәсіпорындарының 98 %-ын, не одан да көбісін құрайды. Түркияда шағын және орта бизнеске қызмет пен жәрдем көрсету бойынша мекемелер баршылық. Олардың ішінде коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен бірлестіктер бар. Оның белсенділерінің бірі – KOSGEB.

KOSGEB-тің Ыстанбұлдағы өкілдігінің басшылығы Қазақстанның мүдделі тараптарымен ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға, сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарына қолдау көрсету мен тәжірибемен алмасуға тағы-да әзірлігін білдірді.